Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құрама тізгінін итальяндық маман ұстайды

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 20:30

Массимо Каррерамен келісімшарт дайын 3 жылға жасалады деген болжам бар. 

transfery.info
Реклама
Реклама

Каррера кім?

«Свисток Сариева» Telegram-арнасының хабарлауынша, итальяндық жаттықтырушы Массимо Каррера Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалмақ. Барлық негізгі шарттар келісілген, келісімшарттың мерзімі – үш жыл.

59 жастағы маман бұған дейін «Спартак Мәскеу» клубымен Ресей чемпионы атанған.

«Ювентус» сапында ассистент болып, тәжірибелі Антонио Конте және Алессандро д’Андреа секілді мамандардың жанында жұмыс істеген.

Еуропадағы тәжірибесі мол, мінезі қатал жаттықтырушы ретінде танымал.

Каррераның аты аталғаннан кейін-ақ қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде пікірталасқа кірісіп кетті. Бірі: «Мұндай деңгейдегі бапкердің келуі ұлттық құраманың дамуына серпін береді» десе, енді бірі: «КФФ қымбат жобаға барды. Нәтиже болмаса, бұл тәуекелдің құны ауыр болмақ», – деп ой білдіруде.

Ресми растау қашан болады?

Қазір Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал жанкүйерлер «Каррера расымен ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығара ала ма?» деген сұраққа жауап күтуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары