Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Темірлан Анарбековтің арманы орындалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
22.10.2025, 20:23

22 жастағы қақпашы алғаш рет Чемпиондар лигасында негізгі құрамда алаңға шықты.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

«Бала күнгі арманым еді!»

«Қайрат» ФК қақпашысы Темірлан Анарбеков өзінің әлеуметтік желісінде жанкүйерлермен қуанышын бөлісті. 22 жастағы қазақстандық футболшы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынына шыққаннан кейін эмоциясын жасыра алмады.

«Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойын — тағы бір бала күнгі арманым орындалды! Әлхамдулиллаһ!», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Кеше Алматыда өткен Чемпиондар лигасының үшінші турындағы матчта «Қайрат» кипрлік «Пафос» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады.

Ойын барысында Анарбеков бірнеше қауіпті сәтте маңызды сэйвтер жасап, команданың үздік ойыншысы атанды. Сарапшылар оған ең жоғары — 10 балдық баға берді.

Жарақаттан кейінгі тамаша камбэк

Айта кетсек, алғашқы екі турда Темірлан жарақатына байланысты алаңға шықпаған болатын. Алайда үшінші турда ол сенімді ойынымен қайта оралды және қақпасын құрғақ сақтап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары