SOLD OUT! "Қайрат" - "Астана" матчының билеттері толығымен сатылып кетті
24.10.2025, 06:40
Қазақстандық премьер-лиганың соңғы туры аясында өтетін "Қайрат" пен "Астана" командаларының арасындағы матчтың билеттері толығымен сатылып кетті.
Сурет: ашық дереккөздерден
Премьер-лига маусымының соңғы матчтарының барлығы 26 қазанда сағат 15:00-де басталады. "Қайрат" пен "Астана" арасындағы шешуші ойын Алматының Орталық стадионында өтеді.
"Матч басталардан 2-3 сағат бұрын келіңіздер. Кезекке тұрып қалмай, кіру бақылауынан еркін өтіңіздер. Үш жақтан кіруге мүмкіндік бар: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынұлы көшесі жағынан", - делінген алматылық клубтың ресми хабарламасында.
Сондай-ақ "Қайрат" өкілдері ойын күні жанкүйерлерге арналған бағдарлама өтіп, интерактивті аймақтар, тегін аквагрим, дәмді тағамдар мен сусындар болатынын хабарлады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама