Алматының «Қайрат» футбол клубы ел чемпиондығы атағын ресми түрде иеленіп, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
«Қайрат» ойыншылары жанкүйерлердің зор қошеметімен сахнаға көтеріліп, Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы чемпиондық трофейін бірінен соң бірі жоғары көтерді. Эмоция мен қуанышқа толы сәтті бейнероликтен көруге болады.
Маусымның соңғы турында шешуші матч өтті. «Қайрат» — «Астана» кездесуі Алматыда 1:1 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже «Қайратқа» чемпиондықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.
«Қайрат» сапынан гол авторы — Дастан Сәтпаев (56-минут) мергендік танытса, ал «Астанадан» — Марин Томасов (15-минут) нәтижелі соққы жасады.
Қорытынды кесте бойынша алматылықтар 59 ұпай жинап, бірінші орынға жайғасты. Ал астаналық команда 57 ұпаймен маусымды екінші орында аяқтады.