Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев Францияда ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
27.10.2025, 18:13

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың келесі маусымдағы жаңа клубы анықталды.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Қазақ шабуылшысы Еуропаға жол тартпақ

Ағылшынның TheChelseaChronicle.com сайтының хабарлауынша, лондондық «Челси» талантты ойыншыны алдымен «Страсбурге» (Франция) жалға беруді жоспарлап отыр. 

Қазір 17 жастағы Сәтпаевтың ойын құқығы «Челсиге» тиесілі. Бірақ футболшы ресми түрде ағылшын клубының жүйесіне 2026 жылы 18 жасқа толғанда қосылады. 

Еуропалық жүйедегі даму моделі

Ағылшын басылымының мәліметінше:

«Ол тамыз айында „Челсиге“ ресми түрде қосыла алады, алайда ең ықтимал нұсқа — алдымен „Страсбургте“ жалға ойнау. Бұған дейін Сантос, Кендри Паэс және Майк Пендерс секілді жас таланттар да осы жолдан өткен. Олар кейін „Стэмфорд Бриджде“ негізгі құрамның ойыншыларына айналды».

Дастан Сәтпаев – соңғы жылдары шетел клубтарының назарын аударған сирек қазақстандық ойыншылардың бірі. Егер жоспар іске асса, ол ҚПЛ-дан Еуропаның үздік лигаларының біріне тікелей өтетін алғашқы жас шабуылшылардың бірі болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары