Әлемдік футбол трансфер нарығында соңғы он жылда ең көп табыс тапқан елдер белгілі болды. Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) ұсынған мәліметке сәйкес Францияның футбол жүйесі өз шәкірттерін сату арқылы 3,976 миллиард еуро пайда көрген.
Франциялық клубтар соңғы он жылда өз академияларынан түлеп ұшқан ойыншыларды Еуропаның жетекші лигаларына сатып, рекордтық табысқа жетті. Бұл көрсеткіш Францияны әлемдегі ең табысты футбол «экспортеріне» айналдырды.
CIES дерегінше, алғашқы үштікте:
Осы онжылдықта өз ойыншыларын сәтті экспорттап жүрген алғашқы он елдің тізімі төмендегідей:
Посткеңестік елдер арасында ең жоғары көрсеткішке Украина қол жеткізген. Бұл ел 339 миллион еуро көлемінде табыс тауып, рейтингте 15-орыннан көрінді.
CIES зерттеуінде атап өтілгендей, қазақстандық ойыншылардың шетел нарығындағы сұранысы әлі де төмен. Дегенмен биыл ерекше жаңалық — Дастан Сәтпаевтың маусым басында Лондонның “Челси” клубына ауысуы отандық футбол үшін тарихи трансфер болды.