Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Түркия футбол федерациясында жанжал: 40-тан астам төреші бәс тіккен

Сарапшы, спорт журналисі
02.11.2025, 17:10

Түркия футбол федерациясының кәсіби футбол жөніндегі тәртіптік кеңесі 40-тан астам төрешіні спорттық бәс тігумен айналысқаны үшін жазалады. Олардың бірі небәрі бірнеше жыл ішінде 18 227 мәрте бәс тіккені анықталған.

skysports.com
Реклама
Реклама

Төрешілер букмекерлердің клиентіне айналған

CNN Türk мәліметінше, тергеу барысында 42 төреші кемінде мыңнан астам бәс тіккені белгілі болды.

Федерация деректеріне сәйкес төрешілердің жартысынан көбі букмекерлік кеңселерде жеке есепшот ашқан. 152 төреші соңғы бес жылда белсенді түрде бәс тіккен.

Бұл мәліметтер Түркия футболындағы адалдық пен әділдікке деген сенімге үлкен соққы болды.

Жаза мерзімі және тергеудің жалғасуы

Тәртіптік кеңес шешімімен төрешілер 8 айдан 12 айға дейін ойындардан шеттетілді.

Бірқатар арбитрге қатысты тергеу әлі де жалғасуда.

ФИФА мен УЕФА ережелеріне сәйкес, футбол төрешілеріне кез келген букмекерлік бәс тігуге қатаң тыйым салынған.

Мұндай әрекетке барғандарға өмір бойына дисквалификация, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төнеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары