Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ҚФФ Қазақстанның әлем чемпионатына қашан шығатынын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2025, 07:43

Бұл туралы ҚФФ өкілі Бахытжан Пазылхайыр ресми түрде мәлімдеді.

Liter.kz
Реклама
Реклама

Футболдан Қазақстан құрамасы 2030 жылғы әлем чемпионатына шыға алады. ҚФФ кәсіби клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының жетекшісі Бахытжан Пазылхайыр ресми түрде осылай мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, ҚФФ биыл футболды дамытудың кешенді стратегиясын қабылдады. Ол 2025-2030 жылдарға арналған. Бұл жоспар үш негізгі бағытқа негізделген: Барлық жас деңгейіндегі құрамалар үшін біртұтас ойын философиясын қалыптастыру; Бапкерлер даярлау жүйесін жетілдіру; Клубтар мен ұлттық құраманың өзара байланысын күшейту. Осы негізде федерацияның 11 стратегиялық бағыты айқындалды», — деді Бахытжан Пазылхайыр. 

Пазылхайырдың сөзінше, ҚФФ-ның басты стратегиялық мақсаты — Қазақстан құрамасын 2030 жылғы FIFA Әлем чемпионатына шығару.

«Біз нақты жол картасын жасадық. Бұл — тек қағаздағы жоспар емес, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын іс-шаралар тізбегі. 2030 жылы Қазақстанның мундиальға қатысуы — басты мақсатымыз. Осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істейміз», — деп атап өтті ҚФФ өкілі.

Қазіргі нәтиже

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі жеңіс, бір тең ойын және төрт жеңіліс нәтижесін көрсетті. Бұл нәтиже ұлттық команданың мундиальға шығу мүмкіндігін жойғанымен, жаңа стратегия аясында жүйелі қайта құрудың бастамасы ретінде бағалануда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары