Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

2027 жылға дейін Қазақстанда 98 футбол алаңы салынады

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2025, 15:23

Республика көлемінде ФИФА, УЕФА және жеке инвесторлардың қолдауымен футбол алаңдары мен академияларының құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Penalty.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстан әлем бойынша мектептерде 1000 шағын футбол алаңын салуды көздейтін ФИФА-ның жаһандық бастамасына алғашқылардың бірі болып қосылған елдердің бірі. Жоба аясында елімізде 100 шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

Алғашқы екі шағын футбол алаңы Көкшетау мен Хромтау қалаларында пайдалануға берілді. 2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде тағы 98 алаң салынады.

Сондай-ақ, УЕФА қолдауымен жүзеге асып жатқан «ALAÑ» жобасы аясында 2025 жылы 9 толық көлемді және 3 шағын футбол алаңы жаңартылды. Соңғы үш жылда бюджеттен тыс 5 миллиард теңгеге барлығы 22 толық және 3 шағын футбол алаңы қайта жөндеуден өтті. Бұл нысандарда 2023 жылдан бері 9 мыңнан астам спортшы тұрақты түрде жаттығып жүр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары