Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Интердің» голы екі қызметкердің жұмыстан қуылуына себеп болды

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2025, 22:03

Италияның танымал Sky Sport Italia телеарнасы екі қызметкерін жұмыстан босатты. Себеп – олардың эфир кезінде «Интердің» голына қуанып, бейтараптық қағидаларын бұзуы.

instagram/@inter
Реклама
Реклама

Тікелей эфирдегі оқиға қызметкерлерге қымбатқа түсті

2 қараша күні өткен А сериясының 10-турында «Интер» сырт алаңда «Веронаны» 2:1 есебімен жеңді. Шешуші голды 93-минутта «Верона» қорғаушысы Мартин Фрес өз қақпасына соғып алды.

Дәл сол сәтте Sky Sport Italia телеарнасында тікелей эфирде А сериясы туралы бағдарлама көрсетіліп жатқан. Эфир кадрында жүргізуші сөйлеп тұрғанда әйнек артында екі қызметкердің қуанып, қол көтеріп тойлаған сәті анық байқалған.

Резонанс және шешім

Бұл эпизод әлеуметтік желілерде тез тарап, көрермендер телеарнаның бейтараптығына күмән келтірді. Кейін белгілі болғандай, қуаныш білдіргендер арнаның екі тәжірибешісі (стажёр) екен.

Sky Sport Italia басшылығы журналистік этиканы бұзғаны үшін екеуін бірден жұмыстан босатты.

Арна директоры Федерико Ферри бұл оқиғадан кейін редакция ұжымымен жиналыс өткізіп, қызметкерлерге жеке көзқарасты эфир кезінде білдірмеу қажеттігін қатаң ескертті.

“Sky Sport – объективті және сенімді ақпарат көзі. Әркім кәсіби шекараны сақтауы тиіс”, – деді ол.

Айта кетейік, дәл осы жеңістен кейін «Интер» Чемпиондар лигасының келесі ойынына дайындық үстінде. Команда 5 қараша күні Миланда «Қайратқа» қарсы алаңға шығады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары