Реклама
Реклама

Самат Смақов ҚПЛ-да сенсация жасаған клубты басқаруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
14.11.2025, 11:30

46 жастағы маманмен келесі маусымға алдын ала келіссөздер жүргізіп жатыр.

Фото: "Жетісу" ФК

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов «Оқжетпес» командасын жаттықтыруға үміткерлердің бірі болды. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев Telegram-арнасында хабарлады.

«Самат Смақов – «Оқжетпес» ФК клубының қысқаша тізіміне енді. Қайрат Нұрдәулетов қызметінен кеткеннен кейін, Көкшетаулық клуб жаңа маусымға бас бапкер іздеу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Клубқа жақын дереккөздің мәліметі бойынша, 46 жастағы маманмен келесі маусымға алдын ала келіссөздер жүргізілген. Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Смақовтан бөлек, үміткерлер тізімінде тағы бірнеше тәжірибелі бапкер бар. Әзірге «Оқжетпес» жаңа жаттықтырушыны іздеуді жалғастырып жатыр.

«Оқжетпес» 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасын 35 ұпаймен 8-орында аяқтады. Ал «Жетісу» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама