Темірлан Анарбеков пен Дастан Сәтпаев өзара үздікті анықтады
14.11.2025, 15:02
Қазақстан құрамасының футболшылары Темірлан Анарбеков пен Дастан Сәтпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгияға қарсы матч алдында ерекше викторинаға қатысты.
Сурет: ашық дереккөздерден
Анарбеков пен Сәтпаев футболшылардың есімдерін ойнады: жүргізуші айтқан әріпке бір-бірден футболшының аты не тегімен жауап беру керек болатын. Есеп 2:2 болғанда, жүргізуші «Т» әрпінен басталатын ойыншыны атауды сұрады. «Қайрат» қақпашысы ойланып жатпай, күтпеген жауап — «Темир» деп айтып, залдағы барлық адамды күлдірді. Видеоны төменнен көруге болады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Бельгияны 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында қабылдайды. Матчтың басталуы — 19:00.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама