«Қайрат» ФК Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екі үй матчын Алматыдан Астанаға көшіру туралы ресми хабарлады.
Клубтың мәлімдеуінше, «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюггемен» (20 қаңтар) өтетін кездесулерді ауыстыру туралы шешім УЕФА-мен бірлесе қабылданған.
Алматыдағы Орталық стадионда қыста матч өткізу тәжірибесі көрсеткендей төмен температура, стадионның жабынсыз болуы және қар жауу қаупі жанкүйерлердің қауіпсіздігіне де, алаң сапасына да кері әсер етеді.
Осыған байланысты ойындарды жабық әрі заманауи инфрақұрылымы бар «Астана Аренасына» көшіру туралы шешім қабылданды.
«Брюгге» және «Олимпиакос» матчтарына билеттер 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. Сатылым 28 қарашада басталады:
Бір адам екіден артық билет сатып ала алмайды.
Ал абонемент иелеріне Ticketon мамандары алдын ала хабарласып, билет алу тәртібі және басымдықпен сатып алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді.
Алматылық команда жалпы кезеңнің екі матчын Орталық стадионда өткізіп үлгерді:
«Қайраттың» әлі екі сыртқы матчы бар: