Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы жылдың соңғы ойынын сәтсіз өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
18.11.2025, 23:58

Футболдан Қазақстан құрамасы 2025 жылдың соңғы ойынында Фарер аралдарымен кездесті. 

Instagram/@kff_team
Реклама
Реклама

Алғашқы тайм

Матч Хорватияның Пула қаласында өтті. Фарер аралдары кездесудің басынан-ақ қарқынды прессинг ұйымдастырды. Бірнеше бұрыштама орындап, шабуылдағы белсенділігін байқатты. Нәтижесінде Петур Кнудсен есеп ашты. 

Қазақстан құрамасы допты ұзақ бақылағанымен алдыңғы шепте нақты қауіп төндіре алмады.

Екінші тайм

Ойынның сценарийі өзгерген жоқ. Юстинуссеннің қашықтан жасаған соққысы Шайзаданың қақпа маңдайшасына тиіп, қауіпті жағдай туғызды. «Ордабасы» қақпашысы бірнеше рет шеберлік танытты.

Ал біздің шабуылшылар тек сирек эпизодтарда қарсылас қақпасына жақындай алды. Бірақ нақты гол соғатын мүмкіндік жасай алмады.

Нәтижесінде — 1:0, ФИФА рейтингінде 127-орында тұрған Фарер аралдары Қазақстанды жеңді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары