Қазақстан ұлттық құрамасы және «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубымен алдын ала келісімшартқа келді.
14 қараша күні Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» басшылығымен бейнеқоңырау арқылы соңғы келіссөздерін өткізді. Тараптар алдын ала келісімшартқа қол қоюға уағдаласқан деп жазады журналист Эльдар Аманбаев.
Футболшы желтоқсан айынан бастап клуб базасында жаттығуларына кіріседі.
Ресми тіркеу Шотландия футбол қауымдастығында қаңтар айына жоспарланған.
Құжат рәсімделген соң Чесноков «Хартстың» ресми матчтарына қатыса алады.
Журналист Аманбаев бұл жаңалыққа қуанышын жасыра алмады:
«Исламға өте қуаныштымын. Шотландияда жолы болып, тіпті осы маусымда „Хартспен“ бірге чемпион атанса екен», — деді ол телеграм-арнасында.
Ислам Чесноков үшін 2025 жылғы маусым нәтижесіз өткен жоқ. Ол: