Гүлжігіт Әліқұлов – “Қырғыз Мессиі” “Ақтөбеге” ауыспақ.
Әліқұлов төрт жыл бойы "Қайрат” сапында өнер көрсетіп, ерекше техникасы және дриблингімен көзге түскен ойыншы.
AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше қарашаның басында Гүлжігіт Мәскеудің ФНЛ-де өнер көрсететін "Торпедо" клубымен келісімшартын өз еркімен бұзды. Осыдан кейін қазақстандық басылымдарда футболшы "Ақтөбеге” өтеді деген қауесет тарады.
Алайда Әліқұлов бұл ақпаратты растамады. Оның айтуынша "Ақтөбенің” қызығушылығы жөнінде хабарлама алмаған. Қазіргі таңда Қазақстанның ешбір клубымен нақты келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Қазір Гүлжігіт туған жерінде демалып жатыр. Ол қысқа мерзімді үзілістен кейін өз мансабын жалғастыруға қатысты ұсыныстарды қарастыруға дайын.