Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бақтиер Зайнутдинов биыл алаңға шықпайды

Сарапшы, спорт журналисі
24.11.2025, 18:34

Мәскеудің «Динамо» командасының бас дәрігері Александр Родионов Бақтиер Зайнутдиновтың маусымды жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Родионовтың айтуынша, қазақстандық футболшының жағдайы анық және түсінікті.

«Зайнутдиновтың сауығу жағдайы қарапайым: ол қалпына келу кезеңін жалғастырып жатыр және осы жылы алаңға шықпайды», — деді дәрігер.

Бақтиер Зайнутдинов 19 қазанда РПЛ-дің 12-турында кезінде «Ахматқа» қарсы өткен матчта (2:2) жарақат алды. Ол алғашқы таймнан кейін-ақ ойыннан шеттетіліп, алаңды мерзімінен бұрын тастауға мәжбүр болды.

Қорғаушының жарақаты күткеннен ұзаққа созылып, қалпына келу мерзімі 2025 жылдың басына дейін жалғасатын болды.

16 турдан кейін Мәскеудің «Динамо» клубы 20 ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр. Зайнутдиновтың ұзақ мерзімді жарақаты команда үшін кадрлық тұрғыдан айтарлықтай соққы болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары