Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ислам Чесноков Еуропаның орнына Ресейді таңдады

Сарапшы, спорт журналисі
25.11.2025, 16:33

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Сочи» клубына ауысқалы жатыр. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы және «Тобыл» футбол клубының шабуылшысы Ислам Чесноков қыста команда ауыстыруы мүмкін. Ресейдің «Сочи» клубы 26 жастағы форвардқа қызығушылық танытып отыр. 

Қазір 26 жастағы ойыншы тиісті келіссөздердің соңғы сатысында. Бұған дейін Чесноковты Грозныйдың «Ахмат» клубы да өз қатарына қосуға ықылас білдірген. Алайда «Сочидің» ұсынысы спортшы үшін де, клуб үшін де анағұрлым тиімді болған.

Чесноковтың мансабы мен статистикасы

  • 2021–2023: Беларусь чемпионатындағы «Белшина»
  • 2023–2025: «Тобыл»
  • 92 матч, 29 гол, 15 ассист — «Тобыл» сапындағы нәтижелері
  • 20 матч, 2 гол — Қазақстан құрамасындағы көрсеткіші
  • Transfermarkt бағасы: €1,2 млн

Форвард соңғы жылдары тұрақты формада, әрі Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Айта кетейік, Шотландияның «Хартс» клубы Чесноковты қатарына қоспақ ниетте екені біраз айтылған еді. Тіпті клубтың бас директоры Эндрю Маккинли ойыншыны сатып алғандарын растаған болатын.Алайда сол күйі ресми келісім жайлы ақпарат жарияланбады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары