Магомед Адиев қазақстандық шабуылшыны өз командасына шақыруы жайылы ақпаратпен бөлісті.
Магомед Адиев «Крылья Советов» клубын күшейту үшін қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің кандидатурасын қарастырып жатқан жоқ:
«Мен Абат Айымбетовті көптен бері білемін, арамызда өте жақын, жақсы қарым-қатынас бар, бірақ қазіргі кезеңде ол біздің тізімде жоқ. Қазір ол жарақат алған. Әрі қарай жағдай қалай болатынын білмеймін, бірақ әзірге Абатпен ешқандай келіссөз жүргізілген жоқ», — деді Магомед Мұсаұлы АЗИЯ-СПОРТ каналына берген сұхбатында.
Өткен маусымда Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубының намысын қорғап, 28 матчқа қатысып, бес гол соқты. Маусым аяқталған соң команда Суперлигадан түсіп қалды, ал жазда қазақстандық шабуылшы келісімшартты ресми түрде бұзып, қазіргі уақытта еркін агент мәртебесінде жүр.