Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Демалған қазақтар». Даниялық БАҚ «Копенгаген» – «Қайрат» матчы алдында не жазуда?

Сарапшы, спорт журналисі
26.11.2025, 18:00

Бүгін 26 қарашада Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Данияның «Копенгагеніне» қарсы ойын өткізеді. Матч қарсаңында жергілікті басылымдар қазақстандық клуб туралы не жазып жатыр?

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Футбол Данияда басты тақырып емес

Данияның жетекші спорт сайттарын шолып қарағанда елде футбол бірінші орында еместігі бірден байқалады. Қоғам назарын көбіне гандбол мен кёрлинг сияқты дәстүрлі мықты спорт түрлері аударады.

Футбол көбінесе жанжалдар мен жанкүйерлердің әрекеттері арқылы ғана ақпарат тақырыбына шығып жатады. «Копенгаген» – «Қайрат» матчының алдында дәл осындай оқиға тағы да даниялық медиаға тақырып болып отыр.

Жанкүйер 8 айға түрмеге қамалды

Кеше «Копенгагеннің» 22 жастағы жанкүйері сот шешімімен сегіз айға түрмеге жіберілді.

Бұл үкімнің себебі – былтыр қазан айында «Брондбю» жанкүйерлерімен болған қақтығыс. Тергеу материалдарына сүйенсек, фанат стадионда тыйым салынған балаклава киіп жүрген, кейін тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

Даниялық басылымдарының бірі ekstrabladet.dk оқиғаның егжей-тегжейін былайша сипаттайды: тәртіпсіздік кезінде жанкүйер полиция қызметкерінің басына пластик құбыр лақтырған, оның төртбұрыштық тулардың бірінен алынғаны болжанады. Артынша стадионда пиротехникаға арналған металл шелекті қолына алып, басқа полицейлерге қарай лақтырған.

Осы оқиға «Копенгаген» мен оның фанаттары туралы негативті фон қалыптастырып отыр.

Даниялық БАҚ «Қайраттың» басымдығын атады: «Демалған қазақтар»

Ал енді тікелей матчқа келсек, бірқатар сайттар алматылық клубтың бір маңызды артықшылығын атап өтеді: Қазақстан чемпионатының аяқталғанын және «Қайрат» футболшыларының демалып алғанын.

Дания чемпионатында тығыз кестемен ойнап жүрген «Копенгагенге» қарағанда «Қайраттың» күнтізбесінде бос уақыт көп. Алматылықтар соңғы ресми ойынын 6 қараша күні өткізді. Содан бері үш апта бойы демалып, тек дайындықпен шұғылданды.

Журналистерінің пайымынша, «демалған қазақтар» физикалық жағынан сергек болып, қарқынды матчтарға әбден шаршаған жергілікті команданы қыспаққа алуы мүмкін.

«Копенгаген» – фаворит, бірақ «Қайратты» бағаламауға шақырады

Соған қарамастан Даниядағы басым пікір – «Копенгаген» өз алаңында міндетті түрде жеңіске жетуі керек дегенге саяды.

Copenhagen Sundays ресурсы Opta рейтингіне сілтеме жасай отырып, «Қайрат» Дания Суперлигасына қосылған жағдайда шамамен 10-орынға тұрақтайтынын жазады. Яғни олардың ойынша, қазақстандық клуб жергілікті чемпионаттың топ-5 қатарына кіре алмайды.

Сондықтан даниялық басылымдар бұл матчта «Копенгагенді» айқын фаворит ретінде көрсетеді: өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауымен, Чемпиондар лигасындағы биылғы маусымдағы алғашқы жеңісті дәл осы ойында алуы тиіс деген пікір кең тараған.

Турнир кестесіндегі жағдай және ойын уақыты

Айта кетейік, қазір Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде «Копенгаген» мен «Қайрат» көршілес тұр. Екі команда да 4 ойыннан кейін 1 ұпайдан ғана жинаған, екеуі де әлі жеңіс дәмін татып көрген жоқ.

«Копенгаген» – «Қайрат» матчы бүгін Астана уақытымен 22:45-те басталады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары