17 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді
Қазақстан құрамасы және «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне кірді.
Тарихи гол: 17 жас 110 күнде
17 жастағы форвард Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда, сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы ойында 81-минутта көзге түсті.
Осы голдың арқасында Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшылардың алғашқы үштігіне қосылды.
Ансу Фати, Ламин Ямал және Дастан Сәтпаев
УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққандар рейтингі қазір мынадай:
Бұған дейін үшінші орын «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихенаға тиесілі еді. Ол «Барселонаға» қарсы ойында 17 жас 119 күнінде гол соққан. Алайда Сәтпаев бұл көрсеткішті жаңартып, оны рейтингте бір сатыға төмен түсірді.
Бұған қоса Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ болып тарихта қалды.