«Қайрат» – «Олимпиакос»: билеттер қашан сатылымға шығады?
Осыған байланысты алматылық клуб өкілдері ресми мәлімдеме жасады.
Алматылық «Қайраттың» ресми мәліметінше, Грекияның атақты «Олимпиакосына» қарсы өтетін Чемпиондар Лигасының матчының билеттері ертең, 28 қарашада сатыла бастайды. Ойын 9 желтоқсанда Астанадағы «Астана Аренада» өтеді.
Клуб осы кездесуге қатысты билет бағаларын төмендеткенін мәлімдеген болатын. Жаңартылған тариф бойынша құны:
-
15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін.
Әр жанкүйер екі билеттен артық сатып ала алмайды.
Билеттер екі ресми платформада қолжетімді болады:
- Qairat SuperApp
- Freedom SuperApp
Айта кетейік, 26 қараша күні команда сырт алаңда «Копенгагенмен» ойнап, жеңіліс тапты. Бірақ жас шабуылшы Дастан Сәтпаев тарихи гол соғып, бір емес, екі рекорд жаңартты — бұл матчтың басты оқиғасына айналды.
Ал грекиялық клуб өз алаңында «Реал Мадридпен» (3:4) тартысты матч өткізді.