Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құраманың экс-бас бапкері Ломтадзеге өз жобасын ұсынады

Сарапшы, спорт журналисі
30.11.2025, 18:46

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев «Жеңіс» клубын басқаруға дайындалып жатыр деген ақпарат тарады. ҚПЛ-да өнер көрсететін ұжымға маман өз жобасын таныстыруға әзір.

offside.kz
Реклама
Реклама

Әли Әлиев «Жеңіс» жобасын таныстырмақ

Дереккөз мәліметінше, Әли Әлиев жақын күндері «Жеңіс» басшылығы мен инвесторына клубты дамытуға арналған жан-жақты жоспар ұсынбақ.

Бапкер өзі дайындаған тұжырымдамасы туралы былай дейді:

«Жаңа инвестор мен клуб басшылығы үшін алға қойылған мақсаттарды шешудің толық жоспарын дайындадым. Онда барлық негізгі бағыттар қамтылады – соның ішінде селекция да бар. Қандай өлшемдерге сүйенеміз, қандай критерий бойынша ойыншы таңдаймыз, баға мен сапаның арақатынасы қалай болуы керек – бәрі көрсетілген», – дейді Қазақстан құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы.

Әлиевтің жоспары алдағы аптада клуб жетекшілігіне ресми түрде таныстырылады деп күтілуде.

Ломтадзе мен «Kaspi.kz» жаңа инвестор бола ма?

БАҚ-тағы мәліметке сүйенсек, «Жеңіс» ФК жаңа инвесторы ретінде «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе қарастырылып отыр деген болжам бар.

Ресми түрде бұл ақпарат әлі расталған жоқ, алайда инвестор ауысуы, клубтың даму стратегиясы мен селекциялық саясатының жаңаруы, қаржылық тұрақтылық пен инфрақұрылымға инвестиция мәселелері – бәрі жаңа жоба аясында талқылануы ықтимал.

Егер келісім өз күшіне енсе, Әли Әлиев «Жеңісті» Қазақстан Премьер-лигасында жаңа деңгейге шығаруды көздейтін жоба авторы әрі бас бапкері ретінде қайтадан үлкен футбол сахнасына оралуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары