Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері өмірден озды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:59

46 жасында өмірден озған маман соңғы уақытта «Қайрат» ФК Академиясын басқарған еді. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Бүгін 46 жасында «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті. 

“Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті”, – деп жазды клуб әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кирилл Сергеевич он жылдан аса уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып, клубтың даму бағытын қалыптастыруға айрықша үлес қосты. Ол өз ісіне адал, талапшыл және әділ маман ретінде танылды.

Ол Академияның, негізгі команданың және Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Жас ойыншылар үшін ол — тек бапкер емес, кеңесші, қолдаушы және бағыт көрсетуші тұлға болды.

Мансабы мен атқарған қызметтері

Кекер әр жылдары клуб құрылымында маңызды қызметтер атқарды:

  • 2022–2024 жылдары «Қайраттың» негізгі командасының бас бапкері болды;
  • 2025 жылы Академия жетекшісі қызметіне келіп, Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеді;
  • Жас буынның жаңа толқынын тәрбиелеуді жалғастырды.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары