Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, «Ақтөбе» ФК ойыншысы Георгий Жуковқа бір кездері ұлттық құрамада ойнау үшін ақша ұсынылған.
Жуков ASnews.kz-ке берген сұхбатында ашық түрде былай деді:
«„Астанада“ жүргенде маған ұлттық құрама үшін ойнау мақсатында ақша ұсынды. Бірақ мен алмадым. Сомасы жаман емес еді, бірақ көріп тұрғандарыңыздай — мен құрамада ақша үшін емес, жүрегіммен ойнап жүрмін. Ол кезде қаржыны алмадым, бірақ бәрібір ұлттық командада ойнап жүрмін. Бұған дейін ашық айтпағам, бірақ сұраған соң жасырмаймын: иә, бұл шындық. Қазір де құрамада тегін ойнаймын».
Бұл мәлімдеме футбол жанкүйерлері мен спорт қоғамдастығында үлкен талқылау тудырды. Жуковтың айтуынша, ол ешқашан қаржылық ұсыныстарға байланып қалмай, құрама сапында тек намыс үшін өнер көрсетуді таңдаған.
Георгий Жуков елордалық клубта 2014–2015 жылдары ойнаған. Бұл кезеңде ол:
Ағымдағы жылдың екінші жартысында жартылай қорғаушы «Ақтөбе» клубының сапында ойнады.