Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Таңғаларлық вундеркинд-қақпашы». Анарбеков «Галатасарайға» ауыса ма?

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 22:43

Түркиялық спорт сарапшысы әрі жазушы Мухаммед Альперен Варол «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың «Копенгагенге» қарсы ойынын жоғары бағалап, оны Ыстамбұлдың атақты «Галатасарай» клубына шақыру қажет екенін жазды. 

instagram/@anarbekov_temirlan77
Реклама
Реклама

ЧЛ матчындағы үздік ойыншы

«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчында даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен жеңілгенімен Анарбеков өзінің деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Sofascore статистикалық порталы жас қақпашының ойынын 8.5 бағалап, алматылық команданың ең үздік ойыншысы деп атады.

Варол: «Бұл – керемет вундеркинд. Оны дереу „Галатасарайға“ алыңыздар»

Түркиялық жазушы әлеуметтік желідегі пікірінде Анарбековтың ерекше әлеуетін атап өтті:

«Алматының „Қайрат“ қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да керемет ойнады. Угурджан Чакырды сатып алардан бұрын да жазғанмын: осы жігітті алыңыздар, „Галатасарайға“ әкеліңіздер! Бұл – таңғаларлық деңгейдегі вундеркинд-қақпашы, жасы небәрі 22-де», – деп жазды Варол X желісінде.

Бұл пікір Түркияда да, Қазақстанда да кең талқыланып жатыр. Жергілікті жанкүйерлер Анарбековтың жасына қарамай, жоғары деңгейде ойнай алатынын және Еуропа клубтары үшін құнды талант екенін айтуда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары