Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Еуропалық топ-бапкер ҚПЛ клубын басқаруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:23

Армениялық Вардан Минасян ҚПЛ-дің екі клубымен келіссөз жүргізіп жатырғанын айтты.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Белгілі армяниялық маман Вардан Минасян Legalbet.kz басылымына ҚПЛ-ға қайта оралған ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі екені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Әзірге нақты ештеңе жоқ. Тек сөйлесіп жатырмыз. Әртүрлі клубпен келіссөз жүргізіп жатырмын. Соның екеуі – Қазақстаннан. Соның ішінде «Каспий» де бар», – деді маман.

51 жастағы Минасян бұған дейін Қазақстанда «Тобылды» және «Таразды» жаттықтырған. Сондай-ақ ол Армения ұлттық құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеді (үш рет – 2007, 2009/2014 және 2018 жылдары), армянның «Пюник» және «Арарат-Армения» клубтарын, Грузияның «Телави» командасын баптады.

Ол алты рет Арменияның ең үздік бапкері деп танылып, командаларымен бұл елдің бес чемпионатын жеңіп алған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары