Ел клубтары мен құрамалары халықаралық жарыстардан шеттетіледі деген ақпар бар.
UEFA Израиль құрамалары мен клубтарын халықаралық жарыстардан шеттетпек. Қазір осыған байланысты талқы жүріп жатыр.
Атап айтқанда, UEFA Израильге қатысты санкциялар енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралдары хабарлады. Ұйым пропалестиндік бастамалар өкілдерімен кездесулер өткізген. Сол кезде сол топтар Израиль клубтары мен ұлттық құрамаларын жарыстардан шеттетудің құқықтық негіздерін талқылаған.
Бұл мәселе 2025 жылғы 23-қыркүйекке арналған атқарушы комитет отырысында қаралатын деп жоспарланған еді. Бірақ әлі де нақты шешім қабылданған жоқ.