Естеріңізге салсақ, Талғат Маруанұлы ұлттық құрама тізгінін күзде алған еді.
Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов әрі қарай да жаттықтыратын болды — маман енді уақытша емес, толыққанды бас бапкер қызметін атқарады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Келісімшарт алдағы күндері ресми түрде қол қойылады деп күтілуде.
Байсуфиновтың басшылығымен команда қазан айында екі матч өткізді және төрт ұпай жинады. Ал қарашада құрамамыз Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгиямен ойнап, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Кейін Қазақстан құрамасы Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалды.
Байсуфинов бұған дейін де ұлттық құраманы екі рет басқарған — 2016–2017 және 2020–2022 жылдары.
Енді дәл осы маман Қазақстанды Ұлттар Лигасының жаңа маусымында бастап шығады. Команда алдында тұрған негізгі мақсат — Лига B-ге жолдама алу.