Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Мессидің Үндістанға сапары тәртіпсіздікпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.12.2025, 16:54

Әлем чемпионы, Аргентина құрамасының жұлдызды шабуылшысы Лионель Мессидің Үндістанға (Калькутта) жасаған сапары күтпеген оқиғалармен есте қалды. «Солт-Лейк» стадионында өткен арнайы шарадан кейін жанкүйерлер ашуға мініп, тәртіпсіздік пен вандализмге барған. 

sports.ndtv.com
Реклама
Реклама

Жанкүйерлер неге наразы болды?

ANI агенттігінің мәліметінше, көрермендер Мессидің алаңда тым аз уақыт болып, тез кетіп қалғанына көңілі толмаған. Шараға кіру үшін жанкүйерлер қомақты қаржы төлеген. Алайда футболшы стадионнан кеткеннен кейін жағдай ушығып, жанкүйерлер бөтелкелер мен орындықтарды лақтырған, қоршауларды сындырған. Ұйымдастырушыларға наразылығын ашық білдірген.

Месси Калькуттада алып мүсінін таныстырды

Сонымен қатар Месси Калькутта қаласында өзіне арналған 21 метрлік мүсіннің ашылуына да қатысқан. Бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, Үндістан туры аясында аргентиналық футболшы Мумбай, Нью-Дели, Хайдарабад және Калькутта қалаларына баруы жоспарланған.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде көпшілік ұйымдастыру деңгейін сынға алып, стадиондағы қауіпсіздік пен көрермендермен жұмыс істеу жүйесін жақсарту қажет екенін жазып жатыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары