Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Рамазан Оразовтың жаңа клубы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
13.12.2025, 21:32

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов мансабын ресми түрде семейлік «Елімайда» жалғастырады. Клуб даниялық «Силькеборгтан» футболшының келісімшартын толық сатып алғанын мәлімдеді. 

vesti.kz
Реклама
Реклама

Жаңа маусымға келісімшарт

Команда Instagram парақшасында жариялаған ақпаратқа сай, 27 жастағы тәжірибелі хавбек жаңа маусымда «Елімайдың» толыққанды ойыншысы атанды.

Оразов өткен чемпионаттың екінші бөлігін жалдау (аренда) негізінде «Елімай» сапында өткізген. Сол кезеңде ол алаңда 820 минут ойнады. 2 гол соқғып, 2 нәтижелі пас берді.

Клубтың мәліметінше, тұрақты ойынымен көзге түскен футболшы жанкүйер сеніміне ие болып, нәтижесінде жазда «Елімай» оның келісімшартын толық сатып алуға шешім қабылдаған.

Оразов «Елімайға» қашан келген еді?

Рамазан Оразов семейлік клубқа биылғы жылдың шілде айында «Силькеборгтан» арендамен ауысқан.

Өткен маусым қорытындысы бойынша «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында 4-орын алып, өз тарихында алғаш рет Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде ойнау құқығына ие болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары