Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ҚПЛ клубы Самат Смақовпен келісе алмады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:31

Оның орнына басқа маман іздеуге көшкен. 

KazFootball.kz
Реклама
Реклама

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақовты бас бапкер қызметіне тағайындамайтын болды. 

ASnews.kz ақпаратына сәйкес, «Оқжетпестің» директоры Мұрат Тлешев Смақовты бас бапкер ретінде тағайындау идеясына күмәнмен қараған. Ал басқа дереккөздер бұрынғы «Жетісу» бапкерінің өзі көкшетаулық клубтың ұсынысынан бас тартқанын айтады. Бұған оның басқа клубпен алдын ала келісімге келуі себеп болуы мүмкін. Бұған дейін Самат Смақовқа павлодарлық «Ертіс» клубының қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған еді.

«Оқжетпестің» жаңа таңдауы

Қазіргі таңда «Оқжетпес» басшылығы болгариялық маман Николай Костовпен келісімшарт жасауға ниетті. Ол жақын арада «Ақтөбе» клубынан кетуі тиіс.

Айта кетейік, Мұрат Тлешев биылғы жылдың басында да Костовты «Оқжетпестің» бас бапкері ретінде тағайындауға тырысқан. Алайда сол кезде қазақстандық маман Андрей Ферапонтов қызметін сақтап қалған болатын.

Сонымен қатар Тлешев пен Костов бұған дейін 2018–2019 жылдары қарағандылық «Шахтер» клубында бірге жұмыс істегені белгілі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары