Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстанда балалар футболын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2025, 11:51

Солтүстік Қазақстан облысында футболды дамытуға қатысты маңызды қаржылық жоспар жарияланды.

Иллюстрациялық сурет
Реклама
Реклама

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, өңірдегі балалар-жасөспірімдер футболын қолдауға 2026-2028 жылдар аралығында 1,7 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы өтінімге сәйкес, бөлінген бұл қаражаттың басты мақсаты – кәсіпқой команданы емес, балалар-жасөспірімдер футболын қолдау.

Қаржы негізінен мына бағыттарға жұмсалады:

• QJ League (Жастар Лигасы) командаларының республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

• Футбол клубы жанындағы футбол орталығының (академиясының) қызметін және республикалық жарыстарға қатысуын қаржыландыру.

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, бұл үш жылдық бағдарлама аясында жыл сайын екі жүзден астам бала тұрақты түрде футболмен қамтылып, жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

Бұл жоспардың негізгі ерекшелігі – қаражаттың легионерлерді немесе кәсіпқой команданың күнделікті шығындарын қаржыландыруға емес, тікелей өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына бағытталуы.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары