Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" негізгі легионерімен қоштасатын болды

Сарапшы, спорт журналисі
19.12.2025, 09:40

Алматылық "Қайрат" Егор Сорокинмен келісімшартты ұзартпайтын болды.

Фото: "Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Бұл туралы Mash на спорте хабарлады:

"«Қайрат» ФК-ның қорғаушысы Егор Сорокин Ресей Премьер-лигасына оралады. Алматы клубы ресейлік футболшымен келісімшартты ұзартпайды. РПЛ-дың екінші сегіздігінде ойнайтын бірнеше клуб Сорокинді өз құрамына қосуға қызығушылық танытып отыр", — деп хабарлайды телеграм-арна.

Айта кетейік, биылғы маусымда Сорокин «Қайрат» сапында барлық турнирлерде 39 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол алматылықтар үшін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 6 матчтың барлығында және іріктеу кезеңіндегі 8 матчта алаңға шықты.

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 1 миллион еуро деп бағалайды.

Оның орнына алматылық клуб КуПС қорғаушысы Самуэль Миеттиненды өз сапына қосуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары