Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әли Әлиев «Жеңіс» тізгінін ұстады

Сарапшы, спорт журналисі
20.12.2025, 19:16

Клуб басшылығы Әлиевтің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне үлкен үміт артып отыр.

Orda.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) жаңа бапкер  тағайындалды. Елордалық клуб «Жеңіс» команда тізгінін тәжірибелі қазақстандық маман Әли Әлиевке сеніп тапсырды.

«Жеңіс» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын әлеуметтік желі арқылы жариялады. Клуб басшылығы Әлиевтің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне үлкен үміт артып отыр.

«Қош келдіңіз, Әли Ханалыұлы!  Әли Әлиев өзінің мінезімен, тактикалық шеберлігімен және қазақстандық футболдағы үлкен тәжірибесімен белгілі. Біз бапкерімізбен бірге жаңа белестерді бағындыруға және жанкүйерлерімізді жарқын жеңістермен қуантуға дайынбыз!» — делінген клубтың Instagram парақшасындағы хабарламада.

Айта кетейік, Әли Әлиев бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Алайда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгия құрамасынан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін, ол қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Соған қарамастан, Әлиев ұлттық құрамамен байланысын үзбей, бапкерлер штабының құрамында жұмысын жалғастырды.

«Жеңіске» тағайындалғанға дейін Әли Әлиев Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері Талғат Байсуфиновтың ассистенті ретінде еңбек етті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары