Петропавлдық «Қызылжар» командасы ивуарлық шабуылшы Сенин Себайдың клубтан кеткенін ресми түрде жариялады.
Команда Instagram парақшасында легионермен келісімшарт мерзімі аяқталғанын атап өтті.
«Рақмет, Сенин. Сенин Себай келісімшарттың аяқталуына байланысты „Қызылжар“ футбол клубымен қоштасады. Ол клуб сапында 37 матч өткізді», — делінген жазбада.
32 жастағы африкалық форвард Солтүстік Қазақстан облысындағы клубқа 2024 жылдың жазында Сауд Арабиясының «Әл-Джандала» командасынан ауысқан.
Өткен маусымда «Қызылжар» сапында:
Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтағы құны 300 мың еуро шамасында бағаланады.
Айта кетейік, өткен маусым нәтижесінде «Қызылжар» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орынға тұрақтаған.