Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Латынамерикалық сұрмерген ҚПЛ-да ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 20:21

«Қайсар» ФК чилилік вингер, жартылай қорғаушы Томас Джонстың командаға қосылғанын ресми түрде мәлімдеді. 

sports24.kz
Реклама
Реклама

Клубтың ресми мәлімдемесі және әзілге құрылған таныстыру

«Қайсар» жаңа легионерін әлеуметтік желіде ерекше стильмен таныстырды. Клубтың хабарламасында:

«„Қайсар“ 28 жастағы вингер Томас Джонспен келісімге келді.

Томас Алғабас ауылы, Шиеліде туған. „Қайсарға“ дейін Шиелінің „Копиапо“ командасының намысын қорғап, 14 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді», — деп жазды қызылордалықтар Instagram парақшасында әзіл араластырып.

Томас Джонстың биылғы маусымдағы статистикасы

Ресми деректерге сәйкес, Томас Джонс 2025 жылғы маусымда «Депортес Копиапо» сапында:

  • 34 матч өткізді
  • 14 гол соқты
  • 3 ассист жасады

Бұл көрсеткіштер оның шабуыл шебіндегі өнімді ойыншы екенін аңғартады.

Transfermarkt порталы 28 жастағы футболшының нарықтық құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр.

«Қайсардың» жаңа иесі кім?

Еске салайық, бұған дейін «Қайсар» клубы жекеменшікке өткенін жариялаған еді. Команданың жаңа иесі ретінде ірі кәсіпкер Исламғали Қозбаков аталды. Осы өзгерістен кейін қызылордалық ұжымның трансферлік белсенділігі де арта түсті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары