Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Манчестер Юнайтед» «Реал» жұлдызы үшін 200 млн еуро ұсынбақ

Сарапшы, спорт журналисі
27.12.2025, 18:34

«Манчестер Юнайтед» келесі жазғы трансфер терезесінде «Реал Мадридтің» көшбасшыларының бірі, ағылшындық жартылай қорғаушы Джуд Беллингемді қатарға қосу үшін рекордқа жақын сома төлеуге дайын. Испаниялық OK Diario мәліметінше, «қызыл сойқандар» мадридтік клубқа 200 миллион еуро көлемінде ұсыныс әзірлеп жатыр.

manchestereveningnews.co.uk
Реклама
Реклама

Басылымның жазуынша, манчестерлік клуб Беллингемді жобаның «франшиза ойыншысы» ретінде көргісі келеді және келіссөзді маусым аяқталған соң бастауға ниетті. Сонымен қатар OK Diario «Реалдың» футболшыны «сатылмайтындардың» қатарына қосатынын да атап өтеді.

Дереккөздегі ақпаратқа сай, дәл қазір Беллингемнің «Реалдан» кетуге құлқы жоқ. Ойыншы Мадридтегі жобаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылып отыр. 

Ла Лиганың ресми дерегіне сәйкес, 2025/26 маусымында Джуд Беллингем Испания чемпионатында 13 матч өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары