Қазақстанның үздік футболшысы маңызды жаңалық айтты
28.12.2025, 17:27
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова мансабындағы үлкен өзгеріс туралы хабарлады. 32 жастағы футболшы Мәскеудің ЦСКА клубынан кететінін мәлімдеді. Ол аталған командада жеті маусым өнер көрсеткен.
instagram/@myasnikova_yuliya15
Юлия Мясникова ЦСКА-мен қоштасты
Қазақстандық ойыншы әлеуметтік желідегі жазбасында ЦСКА-дағы кезеңі аяқталғанын айтып, клубқа алғысын жеткізді. Оның сөзінше, бұл жылдар кәсіби тұрғыда үлкен мектеп болған. Клубтың сенімі мен мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді. Жоғары талап, жауапкершілік және командалық жұмыстың маңызын атап өтті. Жанкүйерлерге арнайы алғыс айтып, олардың қолдауы қиын сәттерде күш бергенін жазды.
ЦСКА-дағы статистикасы
Юлия Мясникова 2025 жылы ЦСКА сапында:
- 15 матч өткізді
- 3 гол соқты
- 1 нәтижелі пас (ассист) жасады
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама