Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Астана" көшбасшысы болгариялық клубқа ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:32

26 жастағы ойыншының келісімшарты үш жылға жоспарланған. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық «Астана» футбол клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг мансабын Болгарияның ЦСКА (София) клубында жалғастырады.

26 жастағы футболшы болгариялық клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Осылайша, Эбонг Еуропа чемпионаттарының бірінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Макс Эбонг 2020 жылдан бері «Астана» сапында ойнады. Осы уақыт ішінде ол:

  • Қазақстан чемпионатында 125 матч өткізді;

  • 10 гол соғып;

  • 21 нәтижелі пас берді.

«Астана» құрамында Эбонг Қазақстан чемпионы атанды. Екі рет Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Лига кубогының иегері болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары