Александр Марочкин "Тобыл" сапына қайтадан оралатын болды.
Қазақстандық тәжірибелі орталық қорғаушылардың бірі Александр Марочкин жаңа маусымда Қостанайдың «Тобол» клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды AmanVIBE.
Дереккөздің мәліметінше, тараптар Марочкиннің трансфері бойынша келісімге келген, енді келісімнің ресми түрде жариялануы ғана күтілуде.
Өткен маусымда Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы елордалық «Астана» сапында өнер көрсетті. Ол Қазақстан Премьер-лигасы аясында 14 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Еске сала кетейік, 35 жастағы орталық қорғаушы бұған дейін де «Тобол» клубында 2021–2023 жылдары ойнаған.
Тағы да айта кететін жәйт: Александр Марочкинды жанкүйерлер және БАҚ арасында үлкен тәжірибесіне байланысты "қорғаныс министрі" деп ұзақ жылдардан бері атап кеткен.