Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шерхан Қалмырза клуб ауыстырмақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:38

Ол «Тараз» қатарына қосылады деген ақпар бар. 

1bol.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан футболындағы жас таланттардың бірі, «Қайрат» клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза мансабын басқа командада жалғастыруы ықтимал. 

Ақпарат көздеріне сүйенсек, «Тараз» өз мектебінің түлектерін қайта жинау бағытын ұстанып отыр және осы тізімде Шерхан Қалмырзаның есімі бар. Жамбыл облысының тумасы саналатын жас қақпашыны тараздық клуб өз қатарына қосуды көздейді.

«Тараз» клубының менеджері Дидар Сыдықбек қақпашының ауысуына қатысты келіссөздерді жақын күндері бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Шерхан Қалмырза қазақстандық жанкүйерлерге 18 қыркүйекте кеңінен танылды. Ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Спортингке» қарсы матчта алаңға шықты. Негізгі екі қақпашының жарақатына байланысты жас футболшы негізгі құрамнан орын алды. Ойынның 21-минутында португалиялықтар пенальти орындады. Мортен Юльманнның ортаға бағытталған соққысын Қалмырза аяғымен қайтарып, командасын голдан сақтап қалды.

«Реалға» қарсы сынақ

«Спортингпен» матчтан кейін Шерхан үшін тағы бір ауыр сынақ болды — Алматыға «Реал Мадрид» келді. Жас қақпашы бұл ойында да негізгі құрамда шықты. Ол мадридтік грандтың шабуылдарына төтеп беріп жүрді, алайда 24-минутта қателік жіберіп, айып алаңында қарсыласын құлатты. Пенальтиді Килиан Мбаппе сәтті орындады.

Кездесу 0:5 есебімен аяқталғанымен, жас қақпашы сынға ұшыраған жоқ. Керісінше, мамандар мен жанкүйерлер Шерханның батылдығы мен мінезін жоғары бағалады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары