Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Көкшетаулық клуб жекенің қолына өтетін болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:34

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы жақын уақытта жекеменшік басқаруға берілуі мүмкін.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Бұл туралы ASnews.kz хабарлайды. Ақмола облысындағы ірі агрохолдингтердің бірі клубты сатып алып, оның басқаруын өз қолына алуды қарастырып отыр.

Қазіргі таңда агрохолдинг басшылығы мен Ақмола облысының билік өкілдері арасында келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, соңғы уақытта «Оқжетпес» қаржылық қиындықтарға тап болып, команданың бірқатар жетекші ойыншылары мен бапкерлік штабы басқа клубтарға ауысып кеткен.

Өткен маусымда көкшетаулық ұжым Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде сегізінші орынға тұрақтаған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары