«Ақтөбе» ФК келесі маусымда да болгариялық маман Николай Костовпен жұмысын жалғастырмақ.
Журналист Елдар Аманбаевтың ақпаратына сәйкес, «қызыл-ақтардың» ең маңызды өзгерістерінің бірі — клубқа Нұрлан Артықбаевтың инвестор ретінде келуі. Жаңа инвестор клуб жұмысына белсенді араласып, стратегиялық алғашқы мәселелердің бірі ретінде бас бапкердің болашағы қаралған.
Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы тәжірибесі молырақ бапкерлерді де қарастырған. Алайда үміткерлердің бір бөлігі басқа командаларда қызметте болған, енді бір бөлігі өте жоғары қаржылық талап қойған.
Николай Костов «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне 2025 жылғы 13 тамызда тағайындалған. Оның жетекшілігімен команда 7 матч өткізіп, 3 рет жеңіске жетіп, 3 рет ұтылып, 1 ойында тең түскен.