"Ақ-қызылдар" Иван Ордецпен келісімшартқа қол қойды.
«Актобе» клубы Украина құрамасының бұрынғы қорғаушысы Иван Ордецпен келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде мәлімдеді.
Тәжірибелі жаңа ойыншымен жасалған келісімнің шарттары жарияланған жоқ. Қазіргі таңда 33 жастағы Ордецтің соңғы клубы Германияның «Бохум» командасы болды. Ол өз мансабында сондай-ақ Мәскеудің «Динамо», Донецкінің «Шахтер» және «Мариуполь» клубтарында өнер көрсеткен.
Еске салайық, КПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Актобе» турнирлік кестеде 43 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде, ақтөбелік клуб келесі маусымда еурокубокқа жолдама ала алмады.