Ал маусымаралық кезеңде команда сапына тек екі ойыншы ғана қосылды.
Қазақстан Премьер-Лигасының өкілі «Ақтөбе» футбол клубы маусымаралық кезеңде бірден тоғыз ойыншымен қош айтысты. Кеше клуб қорғаушы Әлібек Қасыммен және шабуылшы Жайро Жанмен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді.
Осыған дейін «Ақтөбеден» кеткен футболшылар тізімі мынадай:
Клуб үшін ең ауыр шығындар ретінде команда капитаны Әлібек Қасым және үздік сұрмерген Жайро Жан аталды. Сонымен қатар, Анджелкович пен Вэтэжелу негізгі құрам ойыншылары саналған.
Қазіргі таңда «Ақтөбенің» трансферлік есебінде тек екі жаңа ойыншы бар:
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дің өткен маусымында «Ақтөбе» бесінші орын алып, еурокубок жолдамасынан тыс қалды. Осыдан кейін клубтың жаңа иесі пайда болды. Ол — кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.