10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бауыржан Исламхан «Ордабасыдан» неге кеткенін ашық айтты

Сарапшы, спорт журналисі
03.01.2026, 15:45

Жартылай қорғаушының сөзінше, әу-баста шымкенттік клубта қалуға мүмкіндік болған. 

Sports24.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламханның шымкенттік «Ордабасы» клубынан не себепті кеткені белгілі болды. Футболшының айтуынша, клубпен келіссөздер 2024 жылғы маусым аяқталғаннан кейін, жарақат алмастан бұрын басталған.

«2024 жылғы маусым аяқталған соң, жарақатқа дейін клуб директорымен сөйлестік. Қалуға мүмкіндік болды, бірақ нақты әңгіме керек еді. Сол аралықта жол апатына түсіп, аяғымды сындырып алдым. Ол кезде бірнеше нұсқа болды, тек әңгімелер жүрді, бірақ нақты шешім айтқаным жоқ», — деді Исламхан.

Сонымен қатар жартылай қорғаушы шымкенттік клубқа мансабын қайта жандандыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

«Мен Қазақстан чемпионы алғаш рет „Ордабасыда“ атандым. Бұл өте мықты маусым болды. Екі жылдық дисквалификациядан кейін алғашқы ойында айып добынан гол соққан сәт — ерекше әсер қалдырды. Футболды қатты сағындым. Маған қайта ойнауға мүмкіндік бергені үшін „Ордабасыға“ үлкен рақмет. Әсіресе 2023 жылы клубпен бірге алғаш рет чемпион болғанымыз ұмытылмас сәт», — деді ойыншы.

Еске сала кетейік, Бауыржан Исламхан «Ордабасы» клубына 2023 жылдың басында, екі жылдық допингке байланысты дисквалификациядан кейін қосылды. Сол маусымда ол командаға айтарлықтай үлес қосып, клубтың тарихындағы алғашқы Қазақстан чемпиондығын жеңіп алуына көмектесті.

2024 жылдың желтоқсанында Исламханның жол-көлік оқиғасына түсіп, ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Соның салдарынан ол өткен маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ.

Реклама
Реклама