10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев «Алтын доп» иегерін шаң қаптырып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
03.01.2026, 20:00

TransferRoom платформасы 2026 жылға арналған 21 жасқа дейінгі ең үмітті футболшылар рейтингін жариялады. Есептеуде ойыншылардың әлеуетті көрсеткіші мен лигаларындағы орташа рейтинг салыстырылған. 

instagram/@d.satpaev

TransferRoom рейтингі: Сәтпаев — №1

Рейтинг көшін Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев бастады. Оның потенциал көрсеткіші 88,6 болса, чемпионатының орташа рейтингі 65,6 деп көрсетілген. 

Екінші орынға Гондурастың 18 жастағы вингері Дерек Монкада (86,7, лига орташа — 64,4) жайғасса, үздік үштікті боливиялық «Боливардың» қорғаушысы Эсклейсон Фрейта түйіндеді (87,1, лига орташа — 64,8). 

Платформа неге назар аудартты?

TransferRoom өз инстаграм-парақшасында жас ойыншылардың потенциалын олардың лигасындағы орташа деңгеймен салыстырып, ең үлкен айырмашылық көрсеткен таланттарды алға шығарған. Сондай-ақ бұл көрсеткіштер қазіргі жұлдыздардың деңгейімен салыстыруға келетінін атап өтеді: Йозуа Киммих (90,6), Усман Дембеле (88,5), Рубен Диаш (88,4).

ТОП-10: 21 жасқа дейінгі ең перспективалы футболшылар

  1. Дастан Сәтпаев (17, «Қайрат») — 88,6 
  2. Дерек Монкада (18, «Олимпия») — 86,7
  3. Эсклейсон Фрейта (18, «Боливар») — 87,1
  4. Василий Костов (17, «Црвена Звезда») — 90,3
  5. Кауа Элиас (19, «Шахтер» Донецк) — 88,8
  6. Никола Симич (18, «Партизан») — 87,7 
  7. Макслорен Кастро (18, «Спортинг Кристаль») — 86,1
  8. Лукас Д’Агрелла (20, «Фаренс») — 86,3
  9. Тарас Мыхавко (20, «Динамо» Киев) — 86,3
  10. Матиас Силтанен (18, «Юргорден») — 87,5 

Сәтпаевтың 88,6 көрсеткіші 2025 жылғы «Алтын доп» иегері, ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеленің 88,5 нәтижесінен сәл жоғары. 

Реклама
Реклама