10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Тобыл" Марокко ойыншысымен келісімге келді

Сарапшы, спорт журналисі
04.01.2026, 09:30

Қостанайлық ұжым жаңа маусымға тыңғылықты дайындығын жалғастыруда.

Сурет: ашық дереккөздерден

Қостанайдың «Тобыл» клубы мароккалық жартылай қорғаушы Амин Талалмен келісімшарт талаптары бойынша ортақ келісімге келді. Бұл туралы Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

29 жастағы африкалық хавбек қостанайлық командаға еркін агент ретінде қосылмақ.

Талалдың «Ахматпен» келісімшарты аяқталғаннан кейін өзге клубтардан да бірнеше ұсыныс түскені белгілі. Дегенмен, ойыншы «Тобылдың» келесі маусымда еурокубоктерде өнер көрсететініне байланысты дәл осы клубты таңдаған.

Ағымдағы маусымда мароккалық футболшы Грозный командасының сапында төрт кездесу өткізді.

Талал спорттық мансабын Франция чемпионатында бастаған. "Ахматтан" бөлек Амин франциялық "Орлеан", "Бастия", және молдовалық "Шерифтың" жейдесінде өнер көрсеткен.

Реклама
Реклама