Реклама
Реклама

17 жастағы қазақ испаниялық клубпен ұзақмерзімді келісімшартқа отырды

Сарапшы, спорт журналисі
04.01.2026, 18:57

Алдияр Нұрғали Испанияның «Леванте» клубымен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді. 

instagram/@aldiyar_nurgali

2029 жылға дейінгі келісім

Футболшы өз Instagram парақшасында келісімге қол қою сәтінен бірнеше фото жариялап, жазбаға қысқа ғана белгі қалдырған.

«2029», — деп жазды Алдияр.

Осылайша Нұрғали валенсиялық клубпен келісімді ұзақ мерзімге, яғни 2029 жылға дейін рәсімдегенін аңғартты.

Алғашқы қадам — «Левантенің» жастар командасы

Қазірше қазақстандық ойыншы «Левантенің» жастар құрамында өнер көрсетеді. Дегенмен Алдиярдың өзі жақында берген сұхбатында алдағы екі-үш жыл ішінде негізгі командада дебют жасауды мақсат етіп отырғанын айтқан.

«Қайрат» академиясынан — Валенсияға

Айта кетейік, Нұрғали Испания футболымен бұрыннан таныс. Ол бұған дейін «Историкс Валенсия» клубының намысын қорғаған. Қазақстандық ойыншы ол жаққа Алматының «Қайрат» академиясынан ауысқан еді.

Алдияр Нұрғали клубтық мансабымен қатар, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына да шақырылып, тұрақты түрде өнер көрсетіп жүр.

Реклама
Реклама